2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «24KZ» хабарлағандай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Маңғыстау облысында қызметтік міндетін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйек – ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.